"Ислам мемлекеті" Брюссельдегі жарылыстарды өз мойнына алды

Фотография - "Ислам мемлекеті" Брюссельдегі жарылыстарды өз мойнына алды

Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша бұл шабуылдар кезінде 34 адам көз жұмған.

313 0

Бельгия астанасы Брюссельдегі жарылыстарды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз мойнына алды. Бұл туралы содырлармен байланыстағы Amaq ақпарат агенттігі мәлімдеді. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша бұл шабуылдар кезінде 34 адам көз жұмған. Олардың 20-сы Маальбэк метро станциясы маңындағы, 14-і әуежайдағы жарылыстан көз жұмған деп хабарлайды VRT арнасына сілтеме жасап РИА Новости.
Брюсселдегі терактіден жарақат алғандардың саны 150 адамға жетті деп хабарлады Soir басылымы.
Қазір қалада лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі жарияланған. Қоғамдық көлік тоқтаған. Премьер-министр шұғыл отырыс өткізіп, халықты сабырлық танытуға шақырған.
Еске сала кетсек, Бельгия астанасының әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Кейін анықталғандай жанкешті өзін жарып жіберген. Артынша метрода тағы бір жарылғыш іске қосылғанын хабарлаған едік.
*ИМ (ДАИШ) - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!