The Beatles тобының күйтабағы 111 мың долларға сатылды

Фотография - The Beatles тобының күйтабағы 111 мың долларға сатылды

Өткен жылдың желтоқсан айында аталған топтың сирек нұсқада шыққан "Ақ альбом" ән жинағы 790 мың АҚШ долларына сатылған болатын.

364 0

Англияның Уоррингтон қаласында танымал The Beatles тобының 1962 жылы шыққан күй табағы 77,5 мың фунт стерлингке сатылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Аукционда сатылған күйтабақта The Beatles-тың Пол Маккартинимен бірге шырқаған Till There Was You және топтың жеке орындаған Hello Little Girl әндері жазылған. Музыка саласының сарапшылары бұл пластинканы "қасиетті грааль" деп атап кеткен. Құнды дүние танымал HMV сауда желісінде дайындалған.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында аталған топтың сирек нұсқада шыққан "Ақ альбом" ән жинағы 790 мың АҚШ долларына сатылған болатын. Санаулы нұсқада шыққан альбом топтың барабаншысы Ринго Старрға тиесілі болған. Бұл аукцион 2015 жылы 300 мың долларға сатылған Элвис Преслидің "Рок-н-ролл патшасы" альбомының қойған рекордын жаңартты.

The Beatles тобы Англияның Ливерпуль қаласында құрылған. Музыка тарихындағы ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан құрметке ие болған рок тобы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!