Солтүстік Корея зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізді

Фотография - Солтүстік Корея зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізді

Бұған дейін КХДР Оңтүстік Кореяны АҚШ-пен бірлесіп өткізетін оқу-жаттығуларға жауап ретінде зымыранмен соққы жасаймын деп қорқытқан еді.

326 0

Солтүстік Кореяда қатты отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқышы жер үстінде сынақтан өткізілді. Сынақ барысын ел көшбасшысы Ким Чен Ынның өзі қадағалаған.

Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, сынақтың мақсаты – таяуда ғана дайындалған зымыран қозғалтқышының беріктігі мен қауіпсіздігін тексеру.

Бұған дейін КХДР Оңтүстік Кореяны АҚШ-пен бірлесіп өткізетін оқу-жаттығуларға жауап ретінде зымыранмен соққы жасаймын деп қорқытқан еді.

АҚШ пен Оңтүстік Корея 7 наурыздан бері бірлескен оқу-жаттығу өткізуде. Оған Оңтүстік Корея тарапынан 300 мың, ал Америкадан 15 мың әскери тартылған. Оқу-жаттығулар сәуір айының соңна дейін жалғасады. Оқу-жаттығу барысында қос ел Солтүстік Кореяның әр атқан адымын бақылап отырмақ, деп жазады Rambler news service.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!