Ауғанстан армиясы "Талибанды" әуеден атқылап жатыр

Фотография - Ауғанстан армиясы "Талибанды" әуеден атқылап жатыр

Нұристан губернаторы Хафиз Абдул Кайюмнің мәліметінше, шайқас кезінде 15 содыр оққа ұшқан.

211 0

Ауған әскери әуе күштері (AAF) елдің шығысындағы Нұристан провинциясын соңғы екі күннен бері атқылап жатыр. 

Қазір бұл аймақта үкімет әскерлері мен тәліптер арасында кескілескен ұрыс жүріп, әскерилер оларды төбеден тікұшақпен шабуылдауда, деп хабарлайды Khaama Press. 

Нұристан губернаторы Хафиз Абдул Кайюмнің мәліметінше, шайқас кезінде 15 содыр оққа ұшқан. Бірақ, үкімет әскерлері тарапынан болған адам шығыны туралы ақпарат жоқ. 

Сондай-ақ "Талибан" мүшелері бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. Айта кету керек, Нұристан – үкіметке қарсы қарулы топтар жиі бас көтеретін аймақтардың бірі.  

Бұл провинцияда шекара асып, Пәкістаннан келген "Талибан" содырлары да билікке қарсы қару көтеріп, соғысып жатыр.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!