ИСИМ ұйымының қаржы министрі өлтірілді

Фотография - ИСИМ ұйымының қаржы министрі өлтірілді

Коалиция күштері *"Ирак пен Левант" лаңкестік тобы басшыларының бірі Хаджи Имамның көзін жойды.

181 0

Коалиция күштері соңғы аптада Сирияда *"Ирак пен Левант" лаңкестік тобының бірқатар басшыларының көзін жойған, солардың ішінде Хаджи Имам да бар, бұл туралы Пентагон басшысы Эштон Картер мәлімдеді.

Хаджи Имам ұйымның қаржы министрі есебінде және содырлардың рухани жетекшісі болған. Сонымен бірге ол АбуБакр әл-Бағдадидан кейін екінші адам болған.  АҚШ тарабы өткен жылы Хаджидің қайда жасырынғаны туралы қандай бір ақпарат бергендерге 7 млн доллар сыйақы жариялаған еді. Пентагонның хабарлауынша әскери операция кезінде бірнеше дала командирінің де көзі жойылған.

*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!