Сауд Арабиясы қажылықты негізгі табыс көзіне айналадыруды көздеп отыр

Фотография - Сауд Арабиясы қажылықты негізгі табыс көзіне айналадыруды көздеп отыр

Сауд Арабиясының королдігі қажылық индустриясын ел экономикасының басты тірегіне айналдыруды жоспарлап отыр.

376 0

Ел билігі мұндай қадамға мұнай бағасының төмендеуіне байланысты барып отыр. Бұл жайында  "SaudiGazzete" ақпарат көзі хабар таратты.

Аталған ел экономистері мәлімдегендей, қажылық саласын дамыту мыңдаған жастарға жұмыс тауып беруге мүмкіндік береді. Қажылық секторы ұлттық экономикаға серпін беруі үшін бұл саланы қайта құрылымдаудың қажеттілігін алға тартып отыр. Саудиядағы туризмнен жылына 85 млрд реал қаржы түседі. Оның 45 млрд реалы қажылық саласының үлесі. Сауд Арабиясы жылына 2 млн қажыны қабылдайды екен.

Бұл өз кезегінде 100 мың жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді. Қасиетті Мекке шаһарындағы Харам мешіті кеңейтілгеннен кейін қажылықтан ел қазынасына түсетін табыс 57 млрд реалды құраған. Таяу жылдары туризмнен түсетін табыс 35 млрд реалға артады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!