Грекияда босқындар ереуілге шықты

Фотография - Грекияда босқындар ереуілге шықты

20 наурыздан бастап Еуроодақ пен Түркия мигранттар көші-қон мәселесінде келісімге келген болатын

247 0

Еуроодақ пен Түркияның мигранттар мәселесіндегі келісіміне қарсы болған 200-ге жуық босқын Лесбос аралындағы Митилена қаласында ереуілге шықты. Арып-ашып Лесбос аралдарына әрең жеткен олар Еуроодақ аймағынан қайта шығару операциясының тоқтатылғанын талап еткен. Осы бір күннің өзінде мұндағы 52 адамды еліне қайта жөнелту үшін Кавала қаласына алып кеткен. Айта кетейік, 20 наурыздан бастап Еуроодақ пен Түркия мигранттар көші-қон мәселесінде келісімге келген болатын. Ондағы ереже бойынша Еуропада заңсыз жүрген босқындар Түркияға шығарылып, ал босқын мәртебесіне лайықты сириялықтар Еуропаға жөнелтілуге тиіс, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!