Тhe Rolling Stones тобы алғаш рет Кубада концерт берді

Фотография - Тhe Rolling Stones тобы алғаш рет Кубада концерт берді

Британдық топ мүшелері 2 сағаттан астам уақыт ішінде 18 әнін орындап үлгерген

405 0

Ал әлемде аты аңызға айналған Тhe Rolling Stones алғаш рет Кубада концерт берді. Ciudad Deportiva спорт кешенінде ине шаншар орын болмаған. Өйткені тегін шараға жарты миллионға жуық адам келіпті. Британдық топ мүшелері 2 сағаттан астам уақыт ішінде 18 әнін орындап үлгерген. Жалпы кубалықтар бұл концертті тарихи оқиға деп отыр. Өйткені кезінде Кубаға Тhe Rolling Stones шығармашылығына тыйым салынған болатын. Олардың күйтабақтарын елге кіргізуге рұқсат етілмеген. Соның кесірінен жергілікті жұртшылық топтың әндерін жасырын тыңдап келіпті, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!