АҚШ-та мас ұшқыштың кесірінен әуе сапары кейінге шегерілді

Фотография - АҚШ-та мас ұшқыштың кесірінен әуе сапары кейінге шегерілді

Тексеру кезінде оның қанында ішімдіктің жоғары мөлшері анықталды

582 0

АҚШ-та American Airlines компаниясы өзінің Детройт-Филадельфия бағытындағы әуе сапарын кейінге шегерді. Өйткені әуе кемесінің екінші ұшқышы мас болып шыққан. Тексеру кезінде оның қанында ішімдіктің жоғары мөлшері анықталды. Қазір қызметкер қамауға алынған. Оған қосымша тағы бір сараптама тағайындалыпты. Әуе тасымалдаушы компанияның басшылығы жолынан қалған жолаушылардан кешірім сұрады. Олардың барлығы Филадельфияға өзге рейспен аттандырылған, деп жазды 24.kz.


Тегтер:

ұшқыш ақш әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!