Германия тұрғыны лотереядан 76,8 млн. еуро ұтып алды

Фотография - Германия тұрғыны лотереядан 76,8 млн. еуро ұтып алды

Бұл – Германияның жаңа рекорды. Ұтыс иегері бес санды және қосымша екі санды дұрыс тапқан.

681 0

 Германияда бір тұрғын лотереядан 76,8 млн. еуро ұтып алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

"Вестлотто" компаниясының өкілі Бодо Кемпердің хабарлауынша, лотерея ойынынан аталған қаржыны Вестфалия қаласының тұрғыны ұтқан.Сондай-ақ, ол: "Бұл – Германияның жаңа рекорды. Ұтыс иегері бес санды және қосымша екі санды дұрыс тапты", – деді.

Айта кетейік, Eurojackpot лотереясы Хельсинкиде 25 наурыз күні ойнатылған. Оған Еуропаның 17 елінен көптеген тұрғын қатысқан.

Жалпы, Германияның бұған дейінгі рекорды 2014 жылы тізімге алынған болатын. Онда Гессен тұрғыны 58,7 млн. еуро ұтып алған-ды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!