Ресейде құлаған Boeing 737 ұшағының жазу құралындағы мәліметтер жария етілді

Фотография - Ресейде құлаған Boeing 737 ұшағының жазу құралындағы мәліметтер жария етілді

Ростов-на-Дону әуежайына қонуға бет алған Boeing 737 құламай тұрып ұшқыштар өзара дауласып, бір-біріне қарама-қайшы әрекеттер орындаған.

835 0

Ростов-на-Дону қаласының әуежайында апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының жазбалармен танысқан мамандар әуе апатына ұшқыштардың қателігі басты себеп болған деп отыр.

Ростов-на-Дону әуежайына қонуға бет алған Boeing 737 ұшағы құламай тұрып ұшқыштар өзара дауласып, бір-біріне қарама-қайшы әрекеттер орындаған. 

Басылымның жазуынша, ұшқыштар қону кезінде екінші айналымға баруды ұйғарып, ол үшін автопилотты ажыратқан. Сөйте тұра экипаж әуе кемесінің қону режимінен биіктікті алу режиміне ауысу ерекшелігін ескермеген. Салдарынан ұшақтың тұмсығы көкке қадалған. Boeing 737 әскери ұшақ болмағандықтан, мұндай әрекет аса қауіпті әрі ұшақты басқару ырқынан айырады, деп хабарлайды НТВ.

Сол себептен екі ұшқыш бір-біріне айқайлаған. Олардың бірі жылдамдықты арттыруға тырысса, екіншісі алдымен ұшақтың тұмсығын төмен түсірмек болған. Әр ұшқыш өз штурвалдарын бір-біріне қарама-қайшы бағыттарда итеріп, ол әуе кемесінің электроникасын істен шығарып, апатқа апарып соққан.

Бұл нұсқа әзірге ресми расталған жоқ. Бұған дейін БАӘ азаматтық авиация басқармасы қара жәшіктен алынған жазбалардың сапасы орташа деп мәлімдеген болатын.  

Естеріңізге сала кетейік, FlyDubai әуе компаниясының Boeing 737-800 әуе кемесі 19 наурыз күні Ростов-на-Дону әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 62 адам болған. Аман қалған ешкім жоқ.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!