Мұсылман әлемінің үздік университеттері

Фотография - Мұсылман әлемінің үздік университеттері

Аталмыш тізімге университеттер 23 жекелеген ғылым салалары негізінде іріктелді.

265 0

Таяуда QS World University Rankings 2016 әлемнің үздік университеті рейтінгі жария болды.

Аталмыш тізімге университеттер 23 жекелеген ғылым салалары негізінде іріктелді. Ғаламдық рейтингке мұсылман әлемі оқу орындары 4 салалық ғылым бойынша енген.

1. Малайя университеті (Малайзия) – дамуды зерттеу және электр инженериясы

Дамуды зерттеу саласындағы 50-топтығында Малайя университеті электр инженериясындағы білім сапасы бойынша 30-шы орынды иеленді. Қазіргі уақытта университетте 17 мыңнан аса студент бар, 4 мың студент шетелдерден келіп білім алады. Оқу орны құрамына 12 факультет, 2 академия, 6 ғылыми орталық, 6 институт кіреді.

2. Саин университеті (Малайзия) – химиялық инженерия

Малайзияның келесі іргелі оқу орны саналатын Саин университеті химиялық инженерия бойынша үздік 50-ліктің 46-ші қатарында. Соңғы жылда университет әлемдік рейтінгтің 5 позициясы бойынша алға шықты. Бүгінде аталмыш мекемеде 24 мың студент білім алады, оның екі мыңы шетел жастары.  

3. Фахд король атындағы пайдалы қазбалар және мұнай университеті – пайдалы қазбалар мен тау инжерениясы

Пайдалы қазбалар мен тау инжерениясы бойынша үздік 50 оқу орны тізімінде Сауд Арабиясы Фахд король атындағы университет 46-шы орында. Қазіргі уақытта аталған университетте 6 мың студент  білім алса, шамамен төрттен бірі шетелден келген жастар.

Бұдан бөлек, әртүрлі ғылым салалары бойынша әлемдік рейтінгке Малайзия, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Индонезия, Ливан, Түркия мен өзге де мұсылман мемлекеттері енді.

ummet.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!