Берни Сандерс Хиллари Клинтоннан үш штатта басым түсті

Фотография - Берни Сандерс Хиллари Клинтоннан үш штатта басым түсті

Оны Вашингтон, Аляска мен Гавайи штаттарындағы демократтар қолдаған

104 0

АҚШ-тағы президент додасында Хиллари Клинтонның басты бәсекелесі, Вермонт штатының атынан сайланған сенатор Берни Сандерс 3 штатта басым түсті, деп жазды 24.kz.

Оны Вашингтон, Аляска мен Гавайи штаттарындағы демократтар қолдаған. Осылайша Сандерске партия съезінің 120, ал бұрынғы мемлекет хатшысына 50-ге жуық делегат қолдау көрсетті. Экономикалық теңсіздікпен күрес және Уолл-Стритте бақылау орнатуға шақырып отырған Берни Сандерстің беделі қазір жастар арасында жоғары. Сенатор президенттік тақ үшін аяғына дейін күресетінін бірнеше рет айтқан. Бірақ сонда да саяси додада Хиллари Клинтонның шоқтығы биік тұр. Демократтар үміткерді осы жылдың шілдесіндегі партия жиынында таңдайды. Ал АҚШ президентінің сайлауы 8 қарашаға белгіленген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!