Пан Ги Мун шейіттер мен сүнниттерді бірлікке шақырды

Фотография - Пан Ги Мун шейіттер мен сүнниттерді бірлікке шақырды

Ирак еліне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун жедел жетті.

177 0

Әл-Искандерия қаласында болған жойқын жарылыстан кейін Ирак еліне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун жедел жетті.

Ол аймақтағы бірімен-бірі араз шейіт пен сүннит жамағатын бірлікке шақырып, *"Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына" қарсы жұдырықтай жұмылып, жойқын соққы беру керектігін айтты.

Бұған дейін сүнниттер мен шейіттер аралас тұратын Әл-Искандерия қаласында футбол ойыны кезінде жанкешті өзін жарып, 40-тан астам адамды ажал құштырған болатын. Іле-шала террорлық шабуылды "Ирак пен Левант лаңкестері" мойнына алған. Бірер күн бұрын осы топ 60 адам қаза тапқан Хилла қаласында да жарылыс жасаған еді. Сарапшылар аймақтағы лаңкестердің еркінсуін елдің батысы мен солтүстігіндегі содырларды қысымда ұстаған үкімет әскерінің әлсіреуімен байланыстырып отыр.

*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!