Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 72-ге жетті

Фотография - Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 72-ге жетті

Олардың 29-ы бала екендігі анықталды

159 0

Пәкістанның Лахор қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті. Олардың 29-ы бала екендігі анықталды. Ал жарақат алғандар саны 300-ден асады. Олардың да арасында 56 бала бар. Лаңкестік әрекетті "Талибан" ұйымы өз мойнына алды. Қанды оқиға кеше болды. Жанкешті өзін қалалық балалар саябағында жарып жіберді. Айта кетейік, Пәкістан әскері 2014 жылдың жазында "Әл-Каида", "Талибан", "Өзбекстанның ислам қозғалысы" атты лаңкестік ұйымдарға қарсы арнайы операция бастаған болатын. Оған 30 мыңға жуық сарбаз тартылды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше операция басталғаннан бері 3 мыңға жуық содырдың көзі жойылған, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!