Террористер Индонезияның 10 азаматын кепілге алды

Фотография - Террористер Индонезияның 10 азаматын кепілге алды

Қазір олар индонезиялықтарды босату үшін ел билігінен 1 миллион доллар құн төлеуді талап етіп отыр.

140 0

Филиппиннің солтүстік жағалауында Индонезия азаматтары мінген шағын кеме кепілге алынды. 

Ақпаратқа сәйкес, теңізшілерді "әл-Каиданың" осындағы бөлімшесі "Абу Сайяф" террористік тобының мүшелері кепілге алған.  Қазір олар индонезиялықтарды босату үшін ел билігінен 1 миллион доллар құн төлеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды AP твиттерде. 

Ал Индонезияның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!