АҚШ мұсылмандары Лахордағы лаңкестікке "өз қандарымен" жауап бермек

Фотография - АҚШ мұсылмандары Лахордағы лаңкестікке "өз қандарымен" жауап бермек

Лахор қаласындағы жарылыстан 70-ке жуық жан өмірмен қош айтысқан.

643 0

Американдық Хьюстон қаласының мұсылмандары Пәкістан халқына қолдау білдіру мақсатында донорлық акция өткізіп отыр. Айта кетейік, Лахор қаласында болған жарылыс 70-ке жуық жанның өмірін қиған болатын.

"Мұсылмандардың да, христиандардың да қаны бір түсті. Біз осы арқылы барлығымыз бір екенімізді көрсеткіміз келеді. Лахордағы жарылыс біздердің лаңкестерге қарсы біріге қимылдауымыз қажеттігін дәлелдеп отыр", – дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Эждаз Хуссаин.

Естеріңізге сала кетейік, Лахор қаласындағы жарылыстан 70-ке жуық жан өмірмен қош айтысты. Олардың көбісі – әйелдер мен балалар. Сондай-ақ, 300-ге жуық жан түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған еді.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!