Аджман қаласындағы өрттен 5 адам зардап шекті

Фотография - Аджман қаласындағы өрттен 5 адам зардап шекті

Олардың бірі – жүкті әйел

264 0

Біріккен Араб Әмірлігінің Аджман шаһарындағы аспанмен таласқан екі бірдей ғимаратта шыққан өрттен 5 адам зардап шекті, деп жазды 24.kz. 

Олардың бірі – жүкті әйел. Соңғы мәліметтерге қарағанда, өртке оранған нысан аумағында тұрған бірнеше автокөлікке шоқ түсіп, өртеніп кеткен. Өршіген от көрші ғимараттарға да жайылуы мүмкін деген қауіп бар. Қазір тілсіз жау көпқабатты нысанның 10 қабатын шарпып үлгерген. Маңайдағы жолдар жабылып, оқиға орнында өртсөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, тік-шақтар да жұмылдырылған. Еске сала кетейік, Біріккен Араб Әмірлігіндегі көк тіреген нысандарда өрт шығу оқиғалары жиі кездеседі. Өткен жылдың 31 желтоқсанында Дубайдағы ғимараттардың бірінде тұтанған тілсіз жау 63 қабатты нысанды түгелдей күлге айналдырған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!