Еуропа аумағына 800 мың ливиялық пен 50 млн нигериялықтар келуі мүмкін

Фотография - Еуропа аумағына 800 мың ливиялық пен 50 млн нигериялықтар келуі мүмкін

Бұндай болжам Брюссель қаласында өткен НАТО-ның жасырын жиналысы барысында айтылған.

288 0

Еуропа аумағына жақын арада 800 мың ливиялық пен 50 млн нигериялық босқындар келуі мүмкін. Бұндай болжам Брюссель қаласында өткен НАТО-ның жасырын жиналысы барысында айтылған.

Баспасөз беттерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, жиналыс барысында Еуропа елдерінің басшылары тек сириялық босқындарды ғана кіргізу жайын кеңескен көрінеді. Ал, қалғандарын Түркия мемлекетімен келіскеннен кейін сондағы босқындар лагеріне бағыттап отырмақ.

Қазіргі кезде зерттеулер нәтижесіне сәйкес, Еуропа аумағына 800 мың ливиялық және 20 млн нигериялық босқын келуі мүмкін. Егер бұл жағдай Түркиямен арадағы келіссөзден бұрын орын алса, жағдай қиындай түспек дейді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!