Бағдадтағы жарылыстан 30 шақты адам жарақат алды

Фотография - Бағдадтағы жарылыстан 30 шақты адам жарақат алды

Қастандық әрекетті кімдердің ұйымдастырғаны әзір белгісіз

94 0

Ирак астанасы Бағдад қаласының орталығында жарылыс болып, кемі үш адам қаза тапты, 27-сі жарақат алған.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, жарылғыш Таяран алаңындағы жол жиегіне жасырылған. Дәл осы уақытта бұл жерде жұмысшылар көп шоғырланған болатын.

Қазір жарылыстан жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, оқиға орны қоршауға алынған. Қастандық әрекетті кімдердің ұйымдастырғаны әзір белгісіз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!