Мұнайдың бағасы тағы құлдырап барады

Фотография - Мұнайдың бағасы тағы құлдырап барады

Баға белгілеу барысында мұнай баррелі 38,98 долларға дейін түсті.

109 0

Мұнай нарығындағы белгілі маркалардың бағасы сейсенбі күнгі көрсеткіштермен бірге төрт сессия қатарынан құлдырауын тоқтатпады. Мұндай үдеріске АҚШ-тағы жанармай қоры туралы жарияланған мәліметтер әсер етпей қоймады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1,06 долларға (2,63%) арзандап, баррелі 39,21 доллар төмендеді. Баға белгілеу барысында мұнай баррелі 38,98 долларға дейін түсті.

Нью-йорктегі NYMEX тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1,12 долларға (2,84%) төмендеп, баррелі 38,27 доллардан саудаланды.

АҚШ-тағы жанармай қоры туралы ресми мәліметтер сәрсенбі күні жарияланады. Bloomberg сарапшыларының болжауынша, Штаттардағы мұнай қоры өткен аптада 3 млн баррельге дейін өскен болуы керек.

"Әлемдегі мұнай көлемі артып келеді, ал АҚШ-тағы мұнай қоры соңғы 80 жыл ішіндегі жоғарғы көрсеткішке жетіп отыр",- дейді Tradition Energy аналитигі Гэри Каннингем.

bnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!