"Әл-Жазира" телеарнасының қызметкерлер саны 500-ге қысқарды

Фотография - "Әл-Жазира" телеарнасының қызметкерлер саны 500-ге қысқарды

Жалпы саны 4000-ға жуық жан қызмет атқаратын телеарнадағы бұл қысқартудың себебін "Рейтер" агенттігі қаржы тапшылығына байланысты.

409 0

"Әл-Жазира" халықаралық телеарнасының қызметкерлер саны бірден 500 адамға қысқартылды. Жалпы саны 4000-ға жуық жан қызмет атқаратын телеарнадағы бұл қысқартудың себебін "Рейтер" агенттігі қаржы жетіспеушілігімен байланыстырып отыр.

"Әл-Жазира" тобының атқарушы директоры Мұстафа Севвактың жазбаша мәлімдемесінде бұл жағдай былай деп сипатталған: "Аталмыш қысқарту компания жоспарларының бірі болып табылады. Бұл жағдай телеарна жұмысына оң әсерін тигізеді деп сенеміз".

Айта кетейік, "Әл-Жазира" телеарнасы 1996-жылы құрылған болатын. Араб әлемінде айтулы беделге ие бұл телеарна қазіргі кезде әлемнің бірнеше тілінде хабар таратады.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!