Грекия мен Македония шекарасында босқындар полициямен қақтығысты

Фотография - Грекия мен Македония шекарасында босқындар полициямен қақтығысты

Грек сақшылары келімсектерді теміржол бойынан кетуді өтініпті

88 0

Грекияның Идомени ауылында мигранттар полициямен қақтығысты. Босқындар жабық шекараны ашып, ары қарай Батыс Еуропа елдеріне өткізуді талап еткен. Идомени елді мекені Македониямен шекарада орналасқан. Грек сақшылары келімсектерді теміржол бойынан кетуді өтініпті. Бірақ бірнеше босқын полицейлерге қарсы шығып, тас лақтырады. Қалған мигранттар екі жаққа араша түскен. Қақтығыс салдарынан жарақат алғандар мен қамауға алынғандар туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, бүгінде Грекия мен Македония шекарасындағы Идомени ауылында 12 мың кірме жиналып қалған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!