709

Польша базарында болған жарылыстан 8 адам жарақат алды

Жапа шеккендердің үшеуі – Германия азаматы
Фотография - Польша базарында болған жарылыстан 8 адам жарақат алды

Польшаның Германиямен іргелес шекарасында жарылыс болды. Салдарынан 8 адам жарақат алған. Жапа шеккендердің үшеуі – Германия азаматы. Оқыс оқиға базардағы пиротехникалық зат сатылатын дүңгіршекте болған. Соңы алапат өртке ұласып, 50-ге жуық дүкен жанып кеткен екен. Оқыс оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп жазды 24.kz.