Италияда тұтастай бір ауыл сатылымға шығарылды

Фотография - Италияда тұтастай бір ауыл сатылымға шығарылды

Берік қамал Римден бір жарым сағаттық жерде орналасқан.

136 0

Италияда тұтастай бір ауыл қоныстанған қамал сатылымға шығарылды.

Сатылымға қойылып отырған қамал 1054 жыл бойы әйгілі флорентиялық Корсини әулетіне тиесілі болған. Бүтіндей бір ауыл мекен еткен Убрий қамалының жаңа қожайыны өзін нағыз феодал сезінеді, деп атап өтті Bloomberg агенттігі. Берік қамал Римден бір жарым сағаттық жерде орналасқан.

Жер иелігінің жалпы аумағы 850 гектарды алып жатыр. Ну орманы, ен жайылымы мен алқабы, 18 акр зәйтүн тоғайы, сондай-ақ қала сыртындағы жеті үйі бар қамалдың құны – 8,3 млн доллар.

Бертінге дейін Корсини ұрпақтары қамалдың тек бір бөлігін ғана пайдаланып келген, сондықтан алып бекіністің екінші жартысын аздап реттестіру керек, деп жазады News.am.

bnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!