Brent маркалы мұнайдың бағасы 40 доллардан асты

Фотография - Brent маркалы мұнайдың бағасы 40 доллардан асты

Қазіргі кезде бір баррелінің жалпы құны 40,41 долларды құрайды.

151 0

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 40 доллардан асты. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

ICE Futures лондондық биржасында мұнай бағасы 3,24 пайызға, яғни 1,27 долларға көтерілді. Қазіргі кезде бір баррелінің жалпы құны 40,41 долларды құрайды. Ал WTI маркасы Нью-Йорк биржасында 3,63 пайызға артып, 39,67 долларға сатылуда.

Айта кетейік, 2015 жылы биржалық сауда-саттық барысында Brent мұнайы 67,08 долларға жетіп, сол жылғы жоғары бағаға барған. Ал 2014 жылдың 10 желтоқсанында 67,24 доллар болып, ең қымбат межеге жеткен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!