АҚШ-та Гарри Поттер туралы хикаялар желісі негізінде жаңа саябақ ашылады

Фотография - АҚШ-та Гарри Поттер туралы хикаялар желісі негізінде жаңа саябақ ашылады

АҚШ-та Джоан Роулинг жазған ең танымал кітаптар сериясының желісі негізінде саябақ ашылмақ.

399 0

Сиқыршы бала Гарри Поттер жайлы туындылардың оқырмандарын тағы бір жақсы жаңалық күтіп тұр. АҚШ-та Джоан Роулинг жазған ең танымал кітаптар сериясының желісі негізінде саябақ ашылмақ.

Ертегі әлеміне жетелейтін саябақ Лос-Анджелесте бой көтеретін болады. Дизайнерлер мен архитекторлар кітаптағы Хогсмид – тәттілер үйін дәлме-дәл келтіру үшін бар күшін салды. Барлығы да оқырмандардың көңілінен шығу керек, деп жазды belta.by.

Саябақта тәттілер дүкені, мейрамханалар, аттракциондар, тіпті «сиқырлы таяқшалар» сататын дүңгіршек те болады. АҚШ-та осымен сиқырлар әлеміне жетелейтін үшінші саябақ ашылғалы отыр. Гарри Поттер тақырыбына арналған демалыс орнын 2016 жылдың 7 сәуірінде ашу жоспарланып отыр. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!