Сомалиде лаңкестік әрекеттен 6 адам қаза тапты

Фотография - Сомалиде лаңкестік әрекеттен 6 адам қаза тапты

Осыған дейін арнайы операция кезінде аталған топтың 150 содыры мерт болған.

165 0

 Сомалидің астанасы Могадишо қаласында белгісіз біреулер микроавтобусқа шабуыл жасады. Бұл туралы rosbalt.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Лаңкестік әрекеттің салдарынан алты адам қаза тапты. Олардың екеуі Түркияның, ал қалғандары Сомалидің азаматтары. Полицияның айтуынша, автобус ішінде Түркияның қолдауымен жұмыс істеп жатқан госпиталь қызметкерлері болған. Сондай-ақ, 6 адам түрлі деңгейде жарақат алды

Террорлық шабуылды әзірге ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Алдын ала болжам бойынша "Аш-Шабаб" лаңкестері болуы мүмкін. Осыған дейін арнайы операция кезінде аталған топтың 150 содыры мерт болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!