Түркияда лаңкестікке қарсы операцияда 20-дан астам содыр қаза тапты

Фотография - Түркияда лаңкестікке қарсы операцияда 20-дан астам содыр қаза тапты

Түркия бас штабының мәлімдеуінше, сепаратистік ұйымның 5 мүшесі қаза тапқан

241 0

Түркияның оңтүстік-шығысында жүргізілген лаңкестікке қарсы арнайы операция кезінде 20-дан астам содырдың көзі жойылды, деп хабарлады 24.kz.

 Түркия бас штабының мәлімдеуінше, сепаратистік ұйымның 5 мүшесі қаза тапқан. Оған қоса бірер күн бұрын басталған әскери іс-қимылдар барысында "Күрдістан жұмысшылар партиясының" 23 содыры жер жастанған. Бұған дейін Түркия Ішкі істер министрі елдің оңтүстік-шығысындағы 7 ауданда тәулік бойына коменданттық сағаттың енгізілгенін хабарлаған. Жалпы "Күрдістан жұмысшылар партиясына" қарсы лаңкестік операция Хаккари провинциясында, Шырнақ қаласында және Нусайбин провинциясында жүргізіліп жатыр. 2015 жылы басталған Үкімет пен "Күрдістан жұмысшылар партиясының" қақтығысы салдарынан 5 мыңға жуық содыр мен 350-ден астам полиция қызметкері қаза тапқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!