Францияда төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін

Фотография - Францияда төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін

Бұл туралы ел үкіметінің ресми өкілі Стефан Ле Фоль мәлімдед

222 0

Францияда төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы ел үкіметінің ресми өкілі Стефан Ле Фоль мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шара француз азаматтарының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қажет. Өткен жылдың 13 қарашасында Париждегі лаңкестік әрекеттерден кейін енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімі мамыр айында аяқталуы керек. Ел астанасындағы шабуылдардан 130 адам қаза тауып, тағы жүздеген тұрғын жараланған болатын. Ал 22 наурызда Брюссельде экстремистер бірнеше жарылыс ұйымдастырып, 35 адамның өмірін қиды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!