Барак Обама Украина президентімен кездесуден бас тартты

Фотография - Барак Обама Украина президентімен кездесуден бас тартты

Барак Обама мұның алдында Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуден де бас тартқан болатын

159 0

АҚШ президенті Барак Обама Петр Порошенкомен кездесуді қажет емес деп тапты.

Украина президенті Петр Порошенко АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Ақ үй қожайының өзімен кездескісі келмеуіне байланысты онымен әңгімелесу құрметін ала алмайтын болды. Мұны Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко өкінішпен жеткізді. "Екі президенттің бұл кездесуі Украинаға Ресеймен текетіресіп тұрған кезде қолдау көрсеткендей болар еді", – деген өкініш білдіреді ол.

Украина президенті Петр Порошенко мұнда 1-2 сәуір аралығында Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық саммитке қатысу үшін келуді жоспарластырып отыр. Жұмыс сапары кезінде украин лидері АҚШ вие-президенті Джо Байденмен, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен, Польша президенті Анджей Дудамен және Аргентина президенті Маурисио Макримен кездеседі.

Алайда, Украина жағының жоспарластырып қойғандарына қарамастан, АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуден бас тартуы Киевтің еңсесін түсіріп жіберіп отыр. Украина жағын сондай-ақ, Германия канцлері Ангела Меркельдің біраздан бері қандай бір ұсыныс айтылғанына қарамастан, Порошенкомен де, Яценюкпен де кездесуден бас тартып келе жатқаны қатты мазасыздандырып жүр.

Айта кету керек, Барак Обама мұның алдында Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуден де бас тартқан болатын.


egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!