Мьянмада жарты ғасырда алғаш әскери емес адам президент болды

Фотография - Мьянмада жарты ғасырда алғаш әскери емес адам президент болды

Мьянмада жарты ғасырда алғаш рет билік басына әскери емес президент келді.

154 0


Ол – 69 жастағы жазушы-ғалым Тхин Чжо. Мемлекет басшысы бүгін ант қабылдады. Ол Ұлттық демократиялық лига атынан сайланған. Тхин Чжоның таққа отыруы – партияластары үшін үлкен жетістік, ал жалпы Мьянма халқы үшін тарихи сәтке айналды.

Тхин Чжо, Мьянма Президенті:
 - Біздің конституция ұлт бірлігіне қызмет етіп, адамдардың өмір сапасын жақсартуға және елімізде толық бейбітшілік орнатуға жол ашады.

 Естеріңізге сала кетейік, 1962 жылы Мьянмада әскер мемлекеттік төңкеріс жасап, содан бері билік тек қарулы күштердің қолында болып келген еді.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!