Ғалымдар Зика вирусының құрылымын анықтады

Фотография - Ғалымдар Зика вирусының құрылымын анықтады

Ғылыми жұмыс жайлы Science журналының соңғы шығарылымынан оқуға болады.

257 0

АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институты (NIH) мен Пердью Университетінің биологтары Зика вирусының құрылымын анықтады. Осылайша олар сау клеткалардың қалай зақымданатындығын алғаш рет зерттеп отыр. Ғылыми жұмыс жайлы Science журналының соңғы шығарылымынан оқуға болады.

Ғалымдар крио-электрондық микроскопия көмегімен, пісіп-жетілген вирустың  үлкейтілген бейнесін шығарды. Зика вирусы flavivirus түріне жатады. Вирустың сыртқы қабаты ақуыздардан құралған. Ғалымдар оның flavivirus түріне жататын басқа вирустарға ұқсастығымен қатар, қант молекулаларының ақуыздармен қосылуы арқылы сыртқы қабаттың түрленетіндігін анықтап отыр, деп хабарлайды Rambler news service.

Зерттеу авторларының айтуынша, айырмашылықтар вирустың клеткаға қалай шабуыл жасап, инфекцияны қалай тудыратындығын анықтап бермек. Зика безгегінің эпидемиясы туа бітті микроцефалия ауруына шалдықтырып жатқандықтан, қатты алаңдаушылық тудырған болатын. Тілге тиек етілген жаңалық алдағы уақытта Зика вирусына қарсы вакцина жасап шығаруда маңызды рөл атқаруы мүмкін, дейді ғалымдар.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!