Таиландта болған жарылыстан зардап шеккендер қатарында Қазақстандықтар жоқ - СІМ

Фотография - Таиландта болған жарылыстан зардап шеккендер қатарында Қазақстандықтар жоқ - СІМ

Ведомстовның хабарлауынша, зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспеген

249 0

Таиландтың оңтүстігіндегі туристік ауданда бірнеше жарылыс болды. Қолдан жасалған бірнеше жарылғыш зат тұрғындардың басым бөлігін мұсылмандар құрайтын Паттани елді мекенінде іске қосылған. 

Жарылыс күші қуатты болмағанымен, зардап шеккендер аз емес. Уақиға салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған.

Айта кетсек, жарылыс қаупінен адамдардың аман қалуын сәттілік десе де болғандай. Себебі, жарылғыш заттар әдеттегідей халық көп шоғырланатын банкомат, шаштараз, пошта мен әкімшілік аудандарында орналастырылған екен.

Аталған сериялы теракті бойынша әзірше ешбір террористік ұйым мәлімдеме жасаған жоқ.  

e-islam.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!