Әлемдік ұйымдар Сирияның тарихи жәдігерлерін қалпына келтіруге дайын

Фотография - Әлемдік ұйымдар Сирияның тарихи жәдігерлерін қалпына келтіруге дайын

Хомс провинциясының губернаторы Талал Әль-Барази осындай мәлімдеме жасады.

164 0

Сирияның Пальмира қаласындағы тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге әлемнің 60 ұйымы атсалысуға дайын. 

ЮНЕСКО әлемдік мұралар қатарына қосқан Сириядағы 6 тарихи нысанның бірі Пальмира 2015 жылдың мамырынан бері *"Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының" бақылауында болған еді. Алайда үкімет әскері мен "Дала сұңқарлары" жауынгерлері өткен жексенбіде қаланы содырлар қолынан толықтай азат етті. Қарулы қақтығыс кезінде тарихи нысандар едәуір зардап шеккен.

Қазір оларды қалпына келтіру үшін қанша шығын кететіні есептеліп жатыр. Жергілікті билік "қаланы қалпына келтірмес бұрын аймақты жарылғыш заттардан тазарту керек", - дейді. Егер саперлер өз жұмысын аяқтаса, онда тұрғындар да көп ұзамай үйлеріне оралады.

*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!