Сауд Арабиясында ірі жол апатынан 15 адам опат болды

Фотография - Сауд Арабиясында ірі жол апатынан 15 адам опат болды

Апат салдарынан екі көліктің бірі өртеніп кеткен.

171 0

Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир әкімшілік округында екі көлік соқтығысып, 15 адам мерт болды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Апат салдарынан екі көліктің бірі өртеніп кеткен. Жергілікті билік қаза тапқандардың алтауы бүлдіршіндер екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы бір қалыпқа келгенін айтты.

Қазіргі кезде оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлерінің 8 командасы қызмет етуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!