Иран Баку мен Ереванды дипломатиялық келісімге шақырды

Фотография - Иран Баку мен Ереванды дипломатиялық келісімге шақырды

Әзірбайжан мен Арменияның Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығысы 22 жыл бейбітшіліктен кейін 2 сәуір күні қайта тұтанды

2752 0

Әзірбайжан мен Арменияның Таулы Қарабақтағы қақтығыстары кезінде мина атқыштан атылған 3 зымыран Иранның Ходофарин ауданындағы елді мекен маңына түскен. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Іле-шала Иран қорғаныс министрі өзара қақтығысып жатқан Әзірбайжан мен Арменияның қорғаныс министрлеріне қоңырау шалып, қарулы қақтығысты тоқтатып, аймақтағы кикілжіңді дипломатиялық жолмен шешуге шақырған. Айта кетейік, Әзірбайжан мен Арменияның Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығысы 22 жыл бейбітшіліктен кейін 2 сәуір күні қайта тұтанды. БҰҰ-ның дерегі бойынша 33 адам оққа ұшып, 200-ден астамы зардап шеккен, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!