"Талибан" жасаған қосымша Google-ден алынып тасталды

Фотография - "Талибан" жасаған қосымша Google-ден алынып тасталды

Содырлар осы бағдарламаның көмегімен ғаламторда өз насихаттарын жүргізіп, бейнероликтер таратқан

325 0

Google компаниясы "Талибан" ұйымының содырлары жасап шығарған қосымшаны өзінің ғаламтордағы дүкенінен алып тастады. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, содырлар осы бағдарламаның көмегімен ғаламторда өз насихаттарын жүргізіп, бейнероликтер таратқан. Ал сол үгіт-насихатқа толы материалдарды телефондарына Android қондырылған жұрттың бәрі көріп, тыңдай алатын болған. Бұл зиянды қосымшаны SITE ұйымы анықтады. Ұйым ғаламтордағы содырлардың қимыл-әрекетін аңдумен айналысады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!