БҰҰ: Қарабақта екі күнде 33 адам қаза тапты

Фотография - БҰҰ: Қарабақта екі күнде 33 адам қаза тапты

Зардап шеккендер саны 200-ден асқан.

245 0

БҰҰ екі ел де халықаралық гуманитарлық көмекке мұқтаж емес екендерін мәлімдегенін атап айтады.

2-3 сәуірде Таулы Қарабақтағы атыстардан 33 адам қаза тапты деп хабарланады БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы есебінде.

"Әзірбайжан мен Арменияның ресми дереккөзіне сәйкес, кем дегенде 30 сарбаз және үш бейбіт тұрғын қарулы қақтығыстардан қаза болған. Ал зардап шеккендердің нақты саны әзірше расталмады. Бейресми дереккөздерге қарағанда, 200 адам жарақат алған", — делінген ұйымның есебінде.

Әскери іс-қимылдар жалпы саны 14,4  мың адам тұратын Агдере, Мартуни және Гадрут елді мекендеріне жақын маңдарда болған. БҰҰ екі ел де халықаралық гуманитарлық көмекке мұқтаж емес екендерін мәлімдегенін атап айтады.

Сенбіде Армения және Әзірбайжан Таулы Карабақ жанжалы аумағында жағдайдың күрделенгенін жариялаған болатын, бұл ретте тараптар болған жағдайға бір-бірін кінәлады.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!