Пәкістанда су тасқынынан 53 адам мерт болды

Фотография - Пәкістанда су тасқынынан 53 адам мерт болды

Қазір тасқынның астында қалған елді мекендерге азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді ең қажетті заттар жөнелтілді.

423 0

Пәкістанның солтүстік-батысында шелектеп құйған нөсер жауынның соңы селге ұласып, кем дегенде 53 адам қаза тапты.

Нөсер жауын 2 сәуір күні, сенбіде басталды. Табиғи апат салдарынан Кашмир, Хайбер-Пахтунхва және Гилгит-Балтистан провинцияларын су басқан, деп жазады ВВС.

Өткен демалыста толассыз жауған жауын мен тасқыннан ондаған адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді Пәкістанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі қызмет өкілі Латиф Рехман.

Қазір тасқынның астында қалған елді мекендерге азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді ең қажетті заттар жөнелтілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!