Серж Саргсян Таулы Қарабақтағы атысты тоқтатуға шақырды

Фотография - Серж Саргсян Таулы Қарабақтағы атысты тоқтатуға шақырды

Бұған дейін Саргсян өңірдегі ахуал бір шешімін таппаса, соғыс басталып кетуі мүмкін деп ескерткен еді

331 0

Армения президенті Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға ниетті. 

Бұл туралы Серж Саргсян Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесуі кезінде жария етті. Бұған дейін Саргсян өңірдегі ахуал бір шешімін таппаса, соғыс басталып кетуі мүмкін деп ескерткен еді. Өз кезегінде Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі «армян тарабы оқ атуын доғармаса, Степанакертті соққылаймыз» деп отыр. Бұл қала өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ Республикасының астанасы саналады. Естеріңізге сала кетсек, аймақтағы жағдай өткен аптада ушығып кеткен еді. Қарулы қақтығыстың неден басталғаны әзірге белгісіз. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, қарулы қақтығыстар кезінде 33 адам оққа ұшып, 200-ден астамы жараланды,деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!