Аргентинада мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты

Фотография - Аргентинада мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты

Олар еңбек шарттарын жақсартып, жалақыларын көтеруді талап етіп отыр

2641 0

Аргентинада бүгін мұғалімдер жұмыс орындарын тастап, жалпыұлттық ереуілге шықты. Олар еңбек шарттарын жақсартып, жалақыларын көтеруді талап етіп отыр. Ұстаздар уәде етілген 30%-дық үстемені әлі алмағандарын айтып ашынады. Наразы топ "білім беру саласының мыңнан астам қызметкерін қысқарту туралы шешімімен де келіспейміз" деп отыр. Бас көтеріп шыққандар биліктен осыдан 9 жыл бұрын көз жұмған әріптесінің қазасына қатысты тергеу амалдарын жалғастыруды сұрады. 2007 жылы оқытушылардың бірі ереуіл кезінде алған жарақатынан айыға алмай, мерт болған еді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!