Зика безгегі Вьетнамға жетті

Фотография - Зика безгегі Вьетнамға жетті

31 наурыз күні Хошимин аймағының 33 жастағы тұрғыны дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

311 0

Вьетнамда зика безгегін жұқтырған екі адам табылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нгуен Тхань Лонгтың айтуынша, қауіпті індетке екі әйел адам шалдыққан. Осы жылдың 26 наурыз күні Нячанга қаласының 64 жастағы тұрғыны, ал 31 наурыз күні Хошимин аймағының 33 жастағы тұрғыны дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Пастер институтының анализ қорытындысы бойынша, зика безгегін жұқтырғандары анықталды. Қазіргі кезде олардың жағдайы бірқалыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының хабарлауынша, бұл індет микроцефалиямен, гийена-барре синдромымен және сал ауруына алып келетін сирек кездесетін неврологиялық аурулармен тікелей байланысты. Дене қызуы, тітіркенуі, буын арасындағы жайсыздық, бас аурулары індеттің негізгі белгілері болып есептеледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!