"Панамалық оффшорға" байланысты бірқатар елде тергеу басталды

Фотография - "Панамалық оффшорға" байланысты бірқатар елде тергеу басталды

"Панама досьесінде" 11,5 млн құжат бар.

502 0

Панама билігі "Моссак Фонсека" компаниясынан тарап кеткен ақпарат негізінде әзірленген баяндамаға байланысты тергеу жүргізбекші. Әлемдік деңгейдегі қазіргі және бұрынғы лидерлердің оффшорлық есепшоттары туралы баяндама – әлемнің түкпір-түкпіріндегі жүздеген журналистің ортақ жұмысының нәтижесі. 

"Оффшорлық әлем тез арада өңін өзгертетін сиқырлы қасиетке ие, - дейді Журналистік зерттеулер халықаралық консорциумы директорының орынбасары Марина Уокер Гевара. – Кез келген фокустың құпиясы ашылып қалсыншы, сол сәтте-ақ қызметі үшін қырғын ақша алатын бухгалтерлер мен заңгерлер жаңа фокус ойлап табады. Бірақ, уақыт өткен сайын, үлкен мәліметтер базасы қалыптасып, жігерлі журналистер тобы тәуелсіз тергеулерін жүргізіп жатқан ақпарат дәуірінде бұл құпияны жасырын сақтау қиынға соғатыны анық".

"Панама досьесінде" 11,5 млн құжат бар. Онда Панама мен Британияның Виргиния аралдарындағы оффшорлық шоттар арқылы ақша жылыстатудың үлкен желісі жайында дәлелдер келтірілген. Ақша жылыстатқандардың арасында әлемнің 50 елінен 140-тан аса саясаткер, бизнесмен, мәдени қайраткерлер мен спортшылар бар.

Аталмыш баяндама негізінде Ұлыбритания, Франция, Швеция мен басқа да мемлекеттердің билігі салықтан жалтарумен күресті нығайту үшін осы зерттеуді жүргізген журналистерден құжаттардың көшірмелерін сұратқан.

Журналистік зерттеулер халықаралық консорциумы бұқараға тараған баяндама қолдарында бар мәліметтердің тек бір бөлігі екенін мәлім етті. Алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі салықтан жалтарған бірінші тұлғалар туралы хабар жаңа мәліметтермен толығуы мүмкін.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!