Елбасы Барак Обамаға сыйлық жасады

Фотография - Елбасы Барак Обамаға сыйлық жасады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға сыйлық жолдады.

153 0

Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға сыйлық жолдады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, таяуда Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өз мәресіне жетті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Шара аясында Елбасы шетелдік мемлекеттер және үкімет басшыларымен 15-ке жуық кездесу өткізіп, ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу тақырыбына қатысты бірқатар бірлескен мәлімдемелерді талқылау және қабылдау жұмыстарына қатысты. 
Одан бөлек, Н.Назарбаев АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесу өткізіп үлгерді. 
"Аталмыш шара аясында ондаған сағатқа созылған дискуссиялар, пікіралмасулар болып, тығырықтан шығу жолдары айтылды, өз ұстанымдарын жақтап, тіпті, ой салатын ұрандар жасалды. Десе де, кадр сыртында қалған қызықты сәттер де жоқ емес. Мәселен, Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамаға сыйлық жолдады. Естеріңізде болса, 2012 жылы Сеулде өткен Ядролық сынаққа қарсы саммитте Б.Обама президент сайлауы қарсаңында Мемлекет басшысынан қазақ тұмарын сыйлыққа алған болатын. Бұл жолы Қазақстан Президенті тағы бір мазмұнды сый – танымал қазақ суретшісі, халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың белсенді мүшесі, АТОМ (The Atom Project (ENG)) жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтің "Жарылыс" картинасын тарту етті. Осындай ерекше сыйымен Нұрсұлтан Назарбаев өзекті мәселеге өзгеше әдіспен тағы бір мәрте назар аударта алды деп есептеймін", - деді Абаев.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!