Мешітке оқ атқан азамат қатесін түсініп, жамағаттан кешірім сұрады

Фотография - Мешітке оқ атқан азамат қатесін түсініп, жамағаттан кешірім сұрады

Тед Хэйти Дж есімді исламофобтың барлық кінәсі дәлелденіп, құқырқорғау қызметкерлері оған үкім шығарған.

399 0

Париж қаласында орын алған жарылыс күні Коннектикут (АҚШ) штатының Мериден қаласындағы мешітке американдық азамат қару атып, қастандық жасаған болатын. Мешітке көрші тұратын Тед Хэйти Дж есімді исламофобтың барлық кінәсі дәлелденіп, құқырқорғау қызметкерлері оған үкім шығарар кезде, Аман мешітінің қызметкерлері оған кешірім жасады.

Оцепленное помещение мечети после обстрела.

"Біз онымен көрші тұратынымызды білгенде, қатты өкіндік. Біз оның жүрегіне жол таба алмаппыз. Қателескенімізді, оған лайықты қарым-қатынас жасауда қапы қалғанымызды түсіндік", – дейді мешіт имамы Захир Мухаммад Маннан.

Жақында олар Тед Хэйтидің өзімен тікелей кездесіп, өзара түсіністікке қол жеткізді. Мешіт жамағаты алдында өз қатесін түсініп, кешірім сұраған Тед Хэйтидің сөзі көпшіліктің көңілін босатты.

Тед Хэйти Дж. выступает перед мусульманами.

"Мен сол түні ішіп алған болатынмын. Мені қорқыныш биледі. Бірақ, мен қазір қорқыныштың білімсіздіктен болғанын түсіндім. Мен жай ғана сіздерге келуім керек еді. Ашуға ерік бермей, сіздермен бес минут уақытымды бөліп, әңгімелескенімде, бәрі басқаша болар еді", - дейді ол.

Мусульмане - участники встречи с исламофобом.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!