Ауғанстанда мектеп жанында жарылыс болып, 6 адам көз жұмды

Фотография - Ауғанстанда мектеп жанында жарылыс болып, 6 адам көз жұмды

Көлікке қойылған жарылғыш дәл мектептің іргесінде іске қосылған

247 0

Ауғанстанның Парван провинциясындағы жарылыс 6 адамның өмірін жалмады. Тағы 20-ға жуық тұрғын түрлі дене жарақатын алған. Көлікке қойылған жарылғыш дәл мектептің іргесінде іске қосылған. Әзірге ешбір топ бұл оқиғаны мойнына алған жоқ. Жалпы соңғы уақытта ауған еліндегі жағдай ушығып кетті. Бұған дейін ауылдарға шабуыл ұйымдастырып келген тәліптер енді ірі қалаларға да ауыз салып отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!