Анджелина Джоли ауруханаға түсті

Фотография - Анджелина Джоли ауруханаға түсті

Актрисаға нақты қандай диагноз қойылғаны беймәлім.

503 0

40 жастағы Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли бүгін, 5 сәуірде, ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, халі мүшкіл, деп жазады The National Enquirer.

Актрисаға нақты қандай диагноз қойылғаны беймәлім. Алайда, жергілікті БАҚ мәліметтерінше, жұлдызды мұндай халге түсірген анорексия және қатерлі ісік болуы мүмкін.

Актрисаның ресми өкілдері мен дәрігерлері бұл ақпаратқа қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін тараған мәліметтер бойынша, актрисаның салмағы 35 келіге дейін түсіп кеткен. Ал бойы 169 см.

Естеріңізге сала кетейік, Голливуд жұлдызы бұған дейін екі ауыр ота жасатқан болатын. Екі рет мастэктомия жасатып, аналық ұрықтарын алдыртып тастады.  

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!