Лионель Месси, Джеки Чан сынды жұлдыздар ақшаcын офшорлық компанияларда жасырған

Фотография - Лионель Месси, Джеки Чан сынды жұлдыздар ақшаcын офшорлық компанияларда жасырған

Олар ірі көлемдегі ақшаларын мемлекеттен тыс офшорлық компанияларда жасырған.

416 0

Панама дауы өрши түсті. 11 миллион құжаттың арасында іс басында жүрген және бұрын мемлекет басқарған 12 саясаткердің есімі бар. Құпия ақпараттың ішінде әлемге әйгілі Лионель Месси, Джеки Чан сынды жұлдыздар туралы мәлімет те келтіріледі. Олар ірі көлемдегі ақшаларын мемлекеттен тыс офшорлық компанияларда жасырған.

Mossack Fonseca компаниясы салықтан жалтарған қалталы азаматтардың ақшасын артық есеп-ақпаратсыз өз қорларында сақтап келді. Үлкен даудан кейін Исландия премьер-министрі отставкаға кетуге мәжбүр болған. Оның жұбайымен бірге офшорлық компания құрғанын біліп қойған халық алаңға шықты. 

Құпия тізімге Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның да қатысы бар. Жарияланған мәліметтерде саясаткердің өзі болмаса да, әкесі Иэн Кэмеронның аты аталады. 

"Менде ешқандай акция жоқ. Премьер-министрдің жалақысын аламын. Қосымша аздап жиған қаражаттың пайызы бар. Бір үйім бар. Барлығы осы. Ешқандай офшорлық компания мен акцияларға қатысым жоқ", - деді Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Кэмеронның пәкістандық әріптесі Наваз Шариф те ақталып бағуда. Бұл Wikileaks жасырын ақпаратты жариялағаннан кейінгі туындаған екінші үлкен дау. Бір қызығы, мәліметтердің арасында АҚШ азаматтары туралы бір де бір дерек жоқ. Құпия құжаттарды бір жыл бойы Американың Журналисттік зерттеулер халықаралық консорциумы зерттеген. Қорытындысы үшінші сәуір күні неміс басылымында жарияланды. Франция бүгін Панаманы офшорлық аймақтардың қара тізіміне енгізу туралы бастама көтерді. Ал Панама президенті кеңсесінің жанындағы министрі Альваро Алеман «мемлекетті мазақ еткізбейміз»деп мәлімдеді.

astanatv.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!