Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні

Фотография - Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні

Бұл ұйымға әлемнің 200-ге жуық мемлекеті мүше.

293 0

Дүниежүзілік денсаулық күні. 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған болатын. Бұл ұйымға әлемнің 200-ге жуық мемлекеті мүше.  

Денсаулық күнін өткізу 1950 жылдан басталған. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.

Биылғы жылы "Диабетті жеңеміз" деп аталады. Бүгінгі таңда әлемде 347 миллион адам осы аурудан жапа шегеді екен. Бұл ауру әсіресе экономикасы төмен, табысы аз елдерде көп кездеседі. 2012 жылы 1,5 миллион диабет дертінен қайтыс болған. Олардың 80 пайызы орташа табысы төмен елдердің тұрғындары болып шықты. Денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай адамдар көп қайтыс болатын жетінші ауру түрі болады екен. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!